Анықтама

Исекешев Әсет Өрентайұлы

5556

Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі


Әлеуметтік желілерде: https://www.facebook.com/profile.php?id=100003774370366 

Туған жылы: 17.10.1971 жыл.

Білімі: 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін аяқтады.


Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жұмыс істеді.


2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі.


2006-2007 жылдары – «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.


2007-2008 жылдары – «Credit Swiss (Қазақстан)» компаниясының қаржылық жобалар маркетингі жөніндегі директоры.


2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі.


2009 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі.


2010 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі.


2012 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі.


2012 жылғы қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі.


2014 жылдың 6 тамыздан бастап – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі.


2016 жылғы 21 маусымнан бастап – Астана қаласының әкімі.


2018 жылғы 10 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.


2019 жылдың наурызында ҚР Тұңғыш Президенті қорының директоры болып тағайындалды

2020 жылдың қаңтарынан Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы

2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі

Бөлісу: