
Қазіргі қызметі: Сенат депутаты
1962 жылы 4 желтоқсанда Алматы облысында Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.
1985-1987 жылдары - Қазақ КСР Телевизиия және радиохабары мемлекеттік комитетінде редактор.
1987-1991 жылдары - «Лениншіл жас» республикалық газетінде тілші, бөлім меңгерушісі.
1991-1994 жылдары - «Өркен»- «Горизонт» гаезті редакторының орынбасары, редакторы.
1994 жылғы ақпан-сәуір айларында - Қазақ мемлекеттік телевизиясының бас директоры.
1994 жылғы мамыр-шілде айларында - Алматы қаласы әкімшілігінде әкімнің орынбасары.
1994-1995 жылдары - Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат комитетінің төрағасы.
1997-1999 жылдары - ҚР СІМ Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы.
2000 жылы - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі.
2002 жылы - ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2002-2003 жылдары - ҚР-ның Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымының ұлттық үйлестірушісі.
2003-2006 жылдары - ҚР-ның Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.
2006-2008 жылдары - ҚР-ның Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР-ның Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы.
2008 жылғы ақпан-тамыз айларында - ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі.
2008-2009 жылдары - ҚР Президентінің баспасөз хатшысы.
2009 жылғы шілдеден бастап ҚР-ның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.
2022 жылдың 13 қаңтарында Президент жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
«Құрмет» (2007) орденімен; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медальдарымен; ҚР Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.

-
1Канело Головкинмен үшінші мәрте жекпе-жекке шығатынын мәлімдеді2962Елордада «Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды2533ХОК президенті Абзал Әжғалиевке арнайы сертификат жолдады2404Тергеу изоляторына пигодиге телефон жасырып кіргізбек болған ер адам анықталды2105Астанада балалар жылы аясындағы іс-шаралар 7 бағыт бойынша өтеді204
-
1Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері138422Аймағамбетов қаржылық дербестік туралы: Білім басқармалары мектептерге бостандықты бергісі келмейді76383Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды68764Теңге спектаклі. Ұлттық валютаның күрт өсуіне не себеп болды?57515БҒМ қанша директор ротациядан өткенін мәлімдеді5080