Қазіргі лауазымы: Павлодар қаласының әкімі
-
Туған жылы: 1972 жыл
-
Туған жері: Павлодар облысында дүниеге келген.
-
Білімі: 1991 жылы Красноармейка ауылшаруашылық техникумын (техник-механик),
-
2007 жылы Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын (құқықтану бакалавры),
-
2014 жылы Инновациялық Еуразия университетін (экономика және бизнес бакалавры)
-
2017 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін (тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру бакалавры; заң ғылымдарының магистрі) тәмамдады.
Еңбек жолын 1987 жылы Қашыр ауданы Калиновка ауылындағы құрылыс учаскесінде жұмысшы болып бастаған. Техникумды аяқтаған соң Ержан Имансләм Качир кентіндегі құрылыс материалдары және конструкциялар комбинатында слесарь-сантехник болып жұмыс істеді. Шекара әскерлері қатарындағы қызметінен соң Павлодардағы «Энергожилстрой 1» құрылыс басқармасының монтажшысы болды.
1994 жылдан 2000 жылға дейін Ержан Имансләм Качир ауданының ішкі істер бөлімінде және прокуратурасында түрлі қызметтер атқарды. Содан кейін жеке заң тәжірибесімен айналысты, ал 2005-2008 жылдар аралығында Качир ауданының әкімдігінде, соның ішінде әкім аппаратының басшысы болып жұмыс істеді. 2008- 2011 жылдары Ержан Имансләм Ақсу қаласының әкімдігінде, соның ішінде қала әкімінің орынбасары қызметінде еңбек етті.
2011 жылдан 2013 жылға дейін Ержан Имансләм Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы, 2013 жылдан 2014 жылға дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болды.
Содан соң 2017 жылға дейін ол Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеді. Онда индустриялық-инновациялық даму басқармасында қызмет атқарды, сонымен қатар Тайынша ауданының әкімі болды. Кейін, 2020 жылғы 27 шілдеде Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалғанға дейін ол Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде (ИИДМ), оның ішінде ИИДМ комитетінің машина жасау басқармасының басшысы болды.

-
1Түркияда өтетін IV ДКО-ға дайындық басталып кетті – Рахат Жақсыбай5662Қызылордалық агроном жылына 20 тонна қозықұйрық өсіреді5543Қызылордалықтың көлігінен граната мен марихуана тәркіленді5134ШҚО-да сапасыз жолдар үшін 11 басшы жауапқа тартылды4845Референдум: ҮЕҰ өкілдері азаматтық қоғам рөлінің нығаюы туралы айтты469
-
1Аймағамбетов қаржылық дербестік туралы: Білім басқармалары мектептерге бостандықты бергісі келмейді73162Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды65693Теңге спектаклі. Ұлттық валютаның күрт өсуіне не себеп болды?54584Сәуірден бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлем көбейеді45335БҒМ қанша директор ротациядан өткенін мәлімдеді4236
