Имансләм Ержан Имансләмұлы
830
Қазіргі лауазымы: Павлодар ауданының әкімі
Туған жылы: 1972 жыл
Туған жері: Павлодар облысында дүниеге келген.
Білімі: 1991 жылы Красноармейка ауылшаруашылық техникумын (техник-механик),
2007 жылы Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын (құқықтану бакалавры),
2014 жылы Инновациялық Еуразия университетін (экономика және бизнес бакалавры)
2017 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін (тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру бакалавры; заң ғылымдарының магистрі) тәмамдады.
Еңбек жолын 1987 жылы Қашыр ауданы Калиновка ауылындағы құрылыс учаскесінде жұмысшы болып бастаған. Техникумды аяқтаған соң Ержан Имансләм Качир кентіндегі құрылыс материалдары және конструкциялар комбинатында слесарь-сантехник болып жұмыс істеді. Шекара әскерлері қатарындағы қызметінен соң Павлодардағы «Энергожилстрой 1» құрылыс басқармасының монтажшысы болды.
1994 жылдан 2000 жылға дейін Ержан Имансләм Качир ауданының ішкі істер бөлімінде және прокуратурасында түрлі қызметтер атқарды. Содан кейін жеке заң тәжірибесімен айналысты.
2005-2008 жылдар аралығында Качир ауданының әкімдігінде, соның ішінде әкім аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.
2008- 2011 жылдары Ержан Имансләм Ақсу қаласының әкімдігінде, соның ішінде қала әкімінің орынбасары қызметінде еңбек етті.
2011 жылдан 2013 жылға дейін Ержан Имансләм Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы,
2013 жылдан 2014 жылға дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болды.
2017 жылға дейін ол Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеді. Онда индустриялық-инновациялық даму басқармасында қызмет атқарды, сонымен қатар Тайынша ауданының әкімі болды.
2020 жылғы 27 шілдеде Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалғанға дейін ол Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде (ИИДМ), оның ішінде ИИДМ комитетінің машина жасау басқармасының басшысы болды.
2021 жылғы 19 шілдеде Павлодар ауданының әкімі болып тағайындалды.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
12026 жылы зейнетақы мен жәрдемақы 10%-ға өседі: Кім қанша алатыны белгілі болды5882Батыс Қазақстан облысында 13 жастағы жасөспірім жоғалып кетті5863Мұғалімдердің іссапар шығынын кім төлейді?5444Қаза тапқандар бар: АҚШ-та екі тікұшақ соқтығысты4665Армения Әзербайжанмен тікелей сауда мәселесін талқылауға дайын383
-
12026 жылдан бастап ажырасу, паспорт пен жүргізуші куәлігін жасату қымбаттайды654822Қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қайда кетеді3025132026 жылы бала туған аналарға қанша теңгеден төленеді?257624Жалдамалы пәтерде тұрып жатқандар үйлерін босатады – әкім жауап берді200045Қазақстанда зейнетақы қалай есептеледі және кімге көбірек төленеді?19142