Ильин Юрий Викторович
1788Қазіргі лауазымы: ҚР Төтенше жағдайлар министрі
Туған жылы: 09.04.1968 жыл
Туған жері: РКФСР Куйбышев қаласы
Білімі: 1989 жылы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі – шынжыр табан және дөңгелекті машинаны пайдалану жөніндегі инженер,
2006 жылы Қырғыз мемлекеттік заң академиясы – заңгер.
Отбасылық жағдайы: Үйленген. Үш баласы бар
1985 жылдың тамыз айынан бастап И.С. Қонев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанты;
1989 жылдың тамыз айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының73-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі;
1990 жылдың маусым айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының 1-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі;
1992 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстарының оқытушысы;
1993 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстары бастығының орынбасары;
1996 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы оқыту даярлау орталығының аға офицері;
1998 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы;
1999 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқарма бастығының орынбасары;
2005 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқарма бастығының міндетін атқарушы;
2012 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы;
2013 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары;
2015 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
2016 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.
2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен (2013 жылы), 8 мерейтой медалімен марапатталған.
-
11 қаңтардан бастап қандай әлеуметтік төлемдер көбейеді15602Кәмелетке толмаған баланы өлтірді деп айыпталған адам Ресейден экстрадицияланды3853Қаңғыбас иттерге жылына 450 млрд теңге немесе күніне 1,2 млрд теңге жұмсалады3664"Тариф қымбаттап жатыр": Мобильді операторлар сапасы қашан жақсарады?3635Елімізде инфляция ненің есебінен төмендеді?317
-
1Төлемдер мен аударымдар жұмыс істемейді, қолма-қол ақша болсын. Ұлттық банк түсініктеме берді572152Синоптиктер биылғы қыстың қандай болатынын айтты501233Перизат Қайрат кім159234"Баласы барын дәлелдеп жүгірмеуі керек". Депутат көпбалалы аналар мәселесін көтерді150385Алматыда неліктен жер сілкінісіне байланысты хабарландыру болмады14843