Құдайбергенов Димаш Қанатұлы
5658
Құдайбергенов Димаш (Дінмұхаммед) Қанатұлы: Эстрада әншісі
Әлеуметтік желіде: https://www.instagram.com/kudaibergenov.dimash/?hl=ru
Туған жылы: 1994 жылдың 24 мамыры
Туған жері: Ақтөбе қаласы
Білімі: 2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдаған
Қазақ Ұлттық өнер университетінің “эстрада өнері” факультетінің студенті
Ол ең алғаш рет көрермендер алдына екі жасында шығып, сахналық қойылымда эпизодтық рөлде ойнаған. Димаш бойындағы талантын дамытуға өзінің ата-әжесі ықпал еткенін айтады. Атасы кішкентайынан домбыра тартуды үйреткен. Ал, әжесі мұның музыка мектебіне баруына себепші болыпты. Димаштың ата-анасы – қазақ эстрадасындағы жарасымды жұптардың бірі – Қанат және Света Айтбаевтар. Қазақтың тұңғыш баланы үлкендердің бауырына басатын игі дәстүрі бұл отбасында да көрініс тапқан.
Бес жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде ән салған. Алты жасында “Айналайын” республикалық байқауының “Фортепиано” номинациясында жеңімпаз атанған.
2010 жылы “Байқонырдың Әсем дауыстары” Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды.
2012 жылы “Жас қанат” Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болып, осы жылы “Восточный базар” Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атанды.
2013 жылы Димаш Құдайберген “Мейкин Азия” І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болды.
Сонымен қатар Димаш Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар “Славян базары-2015” байқауында Гран-при жеңіп алған. Екі күн ішінде жас әнші 175 ұпай жинаған. Бірінші күні ол Константин Меладзе композиторінің “Опять метель” әнін, ал екінші күні Француз әншісі Грегори Лемаршаль репертуарынан алынған “Sos dun terien un detresse” әнін орындады.
2015 жылы 28 қазан күні Ыстанбұлда “Abu TV” Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінда Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.
Димаш серб, итальян, француз, ағылшын, орыс тағы басқа тілдерде ән орындайды.
Димаш Құдайбергенов Қытайдың I am a singer (Мен әншімін) телебайқауына қатысып, сайыстың бірінші күнінде қазылар алқасы тарапынан ең жоғарғы ұпай жинап, жеңімпаз атанды.
2018 жылдың 28 қаңтары Қытайдағы Жаһандық алтын марапаттау рәсімінде «Үздік суретші» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
2018 жылдың 24 мамырында Димаш Құдайбергеннің ағылшын тіліндегі "Screaming" атты әнінің бейнебаяны жарыққа шықты. Əннің композиторы Muhgal осы күнге дейін Rihanna, Usher, Cherul Fermandes - Versini, Shakira, Ne-Yo, Avisi сынды əншілерге əндер жазған.
«Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
1АҚШ Венесуэла жағалауында тағы бір танкерді басып алды3182Ақтөбеде радиоактивті уран сатпақ болғандар ұсталды2643ШҚО-да 1075 басқа арналған жаңа сүт-тауарлы ферма ашылды256422 желтоқсанға арналған валюта бағамы2555Алматыда студент пышақпен мұғаліміне шабуылдады деген күдікке ілінді215
-
12026 жылдан бастап ажырасу, паспорт пен жүргізуші куәлігін жасату қымбаттайды643812Қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қайда кетеді2960932026 жылы бала туған аналарға қанша теңгеден төленеді?2426242026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?181375Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік төлемдер берілетіні белгілі болды17225