Қызметі: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы
Гүлзат Көбенова 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.
1998 жылы тарихшы, тарих және қоғамтану оқытушысы мамандығы бойынша Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы болып бастаған, университет деканының орынбасары қызметін атқарған.
2004-2009 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылым және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы, ғылыми хатшы, деканның м.а. қызметтерін атқарды.
2009 жылғы қазан айынан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Мәдениет және ақпарат, білім және ғылым министрліктерінде түрлі лауазымдарды атқарған.
2017 жылғы шілдеде ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры болып тағайындалған.
2018 жылғы сәуір мен 2019 жылғы қаңтар аралығында Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары болған.
2019 жылғы қаңтардан бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің сектор меңгерушісі болып қызмет еткен.
2020 жылғы қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы болды.

-
1Канело Головкинмен үшінші мәрте жекпе-жекке шығатынын мәлімдеді3072Елордада «Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды2613ХОК президенті Абзал Әжғалиевке арнайы сертификат жолдады2484Тергеу изоляторына пигодиге телефон жасырып кіргізбек болған ер адам анықталды2185Астанада балалар жылы аясындағы іс-шаралар 7 бағыт бойынша өтеді210
-
1Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері138712Аймағамбетов қаржылық дербестік туралы: Білім басқармалары мектептерге бостандықты бергісі келмейді76403Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды68794Теңге спектаклі. Ұлттық валютаның күрт өсуіне не себеп болды?57535БҒМ қанша директор ротациядан өткенін мәлімдеді5082