Громов Сергей Николаевич
1847Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар Кеңесінің мүшесі
- Туған жылы: 1959 жылы 6 қаңтар
- 1981 жылы «гидромелиорация» мамандығы бойынша Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын;
1991 жылы – «Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша Алматы саясаттану және басқару институтын;
2002 жылы – «құқықтану» мамандығы бойынша «Әулие-Ата» университетін бітірді.
Экономика ғылымдарының кандидаты.
1981 жылдың 16 қаңтардан бастап 1983 жылдың 10 қаңтар аралығында Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының оқытушысы, комсомол комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді.
1983 жылдың 11 қаңтардан бастап 1983 жылдың 29 қараша аралығында – Қазақстан ЛКЖО Жамбыл облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі.
1983 жылғы 5 қарашадан бастап Жамбыл облысы Қазақстан ЛКЖО-ның Жувалы аудандық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.
1985 жылдың 10 қазаннан бастап Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, «Билікөл» совхозының партия комитетінің хатшысы болып сайланды.
1988 жылдың 29 мамырдан бастап1991 жылдың 10 тамызына дейін Жамбыл облысы Қазақстан Компартиясы Луговой аудандық комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарды.
1991 жылдың 22 тамыздан бастап 1992 жылдың 17 ақпанына дейін Ресей Федерациясының Краснояр өлкесінің «Крымский» Агроөнеркәсіп комбинаты сыртқы экономикалық байланыстар тобының бас маманы болып жұмыс істеді.
1991 жылдың 6 желтоқсаннан бастап 1993 жылдың 18 қаңтарына дейін «Ресей аграрлық технологиялар» АҚ өндіріс жөніндегі бас директоры қызметін атқарды.
1993 жылдың 18 қаңтардан бастап 1994 жылдың 20 қарашасына дейін «Алтрос» фирмасы» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.
1994 жылдың 20 қарашадан бастап 1996 жылдың 12 тамызына дейін «Алтрос-Агро» фирмасы» ЖШС бас директоры болып жұмыс істеді.
1996 жылдың 15 тамыздан бастап 1997 жылдың 22 қыркүйегіне дейін «Халықаралық жүйелік және технологиялық зерттеулер институты» ЖШС директорының сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
1997 жылдың 1 қазаны мен 1998 жылдың 12 ақпаны аралығында «FE SAInt» фирмасының инвестициялар бойынша аға менеджері, «Союз-Мұнай» ЖШС өкілдігінің директоры қызметін қоса атқарған.
1998 жылдың 11 ақпаннан бастап 2001 жылдың 14 мамырына дейін Жамбыл облысы Меркі ауданының әкімі қызметін атқарды.
2001 жылдың 14 мамырдан бастап 2003 жылдың 31 қаңтарына дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2003 жылдың 24 қаңтардан бастап 2003 жылдың 11 маусымына дейін -Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаментінің директоры.
2003 жылғы 9 маусымнан бастап 2007 жылғы 7 ақпанға дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2007 жылғы 5 ақпаннан бастап 2008 жылғы 2 қарашаға дейін – «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының аппарат басшысы, төрағаның орынбасары.
2008 жылдың 3 қарашадан бастап 2011 жылдың 12 қыркүйегіне дейін -«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының хатшысы.
2011 жылғы 13 қыркүйектен бастап 2013 жылғы 26 тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.
2013 жылғы 28 тамыздан бастап 2016 жылғы 13 қаңтарға дейін – бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитетінің мүшесі.
2016 жылғы 14 қаңтардан бастап 2019 жылғы 12 тамызға дейін - бесінші және алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары.
2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі
2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар Кеңесінің мүшесі
Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі және басқа да наградалары бар.