Есқараев Азамат Несіпбайұлы
2037Қазіргі қызметі: ҚР Әділет министрі
Туған жері: 1979 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келді.
Білімі: Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
Еңбек жолы: 1996 жылы Алматы қаласындағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастады.
2000-2002 жж. – РК Әділет министрлігі Заңнама департаментінің бас маманы.
2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінде бөлім басшысы; басқарма басшысы.
2003-2005 жж. – ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің басшысы.
2005-2006 жж. – Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы.
2006-2007 жж. – «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметтері департаментінің бас менеджері.
2007 жж. – ҚР Әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты; Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы.
2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің көмекшісі.
2008-2009 жж. – ҚР Әділет министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры
2009-2014 жж. – ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры.
2014-2019 жж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2019 жылғы маусымнан бастап – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі.
2023 жылы 4 қаңтарда ҚР Әділет министрі болып тағайындалды
-
1Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді3352Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді3123Қазақстандағы құқықтық мәдениет деңгейі қандай?2714Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды2645ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді261