Анықтама

Есімов Ахметжан Смағұлұлы

3047

Қазіргі лауазымы: Елбасының штаттан тыс көмекшісі


Әлеуметтік желілерде:

Туған жылы: 1950 жылы 15 желтоқсан

Туған жері: Алматы облысы

Білімі: 1974 ж. – «Ауыл шаруашылығы өндірісінің процестер механизациясы» мамандығы бойынша Қазақ ауылшаруашылық институтының механикалық факультетін бітірген

1991 ж. – «Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша Ресей қоғамдық ғылымдар академиясының әлеуметтік-саяси факультетін тәмамдады. Экономика ғылымдарының докторы (1999).


1990 жылдан ҚазКСР Мемагроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары, ал 1991 жылы ҚазКСР Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрінің бірінші орынбасары.


1991–1992 жж. – Алматы облыстық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы


1992–1994 жж. - Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы


1994-1996  жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары


1996–1998 жж.  – Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы 


1998–2001 жж.  - ҚР Бенилюкс мемлекеттеріндегі (Бельгия Корольдігі, Нидерланды Корольдігі және Люксембург Ұлы Герцогтігі) Төтенше және Өкілетті Елшісі.


ЕО-да және НАТО-да Қазақстан Республикасының Өкілділігін басқарды


2001–2006 жылдары – Қазақстан Республикасының  Ауыл шаруашылығы министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары


2006 жылдың қаңтарынан бастап 2008 жылдың сәуір айына дейін – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі


2008 жылдың  сәуірінен бастап 2015 жылдың тамыз айына дейін  - Алматы қаласының әкімі,  «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы


2015 жылдың  тамызынан бастап 2017 жылдың желтоқсанына дейін  – «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы 


2017 жылдың желтоқсанында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.


2021 жылдың 21 сәуірінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Елбасының штаттан тыс көмекшісі етіп тағайындалды.

«Қазақстанның Еңбек Ері», «Құрмет белгісі», «Достық», «Парасат», «Отан» ордендерімен марапатталған.

Бөлісу: