Есімов Ахметжан Смағұлұлы
3026Қазіргі лауазымы: Елбасының штаттан тыс көмекшісі
Әлеуметтік желілерде:
Туған жылы: 1950 жылы 15 желтоқсан
Туған жері: Алматы облысы
Білімі: 1974 ж. – «Ауыл шаруашылығы өндірісінің процестер механизациясы» мамандығы бойынша Қазақ ауылшаруашылық институтының механикалық факультетін бітірген
1991 ж. – «Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша Ресей қоғамдық ғылымдар академиясының әлеуметтік-саяси факультетін тәмамдады. Экономика ғылымдарының докторы (1999).
1990 жылдан ҚазКСР Мемагроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары, ал 1991 жылы ҚазКСР Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрінің бірінші орынбасары.
1991–1992 жж. – Алматы облыстық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы
1992–1994 жж. - Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы
1994-1996 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
1996–1998 жж. – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы
1998–2001 жж. - ҚР Бенилюкс мемлекеттеріндегі (Бельгия Корольдігі, Нидерланды Корольдігі және Люксембург Ұлы Герцогтігі) Төтенше және Өкілетті Елшісі.
ЕО-да және НАТО-да Қазақстан Республикасының Өкілділігін басқарды
2001–2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары
2006 жылдың қаңтарынан бастап 2008 жылдың сәуір айына дейін – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
2008 жылдың сәуірінен бастап 2015 жылдың тамыз айына дейін - Алматы қаласының әкімі, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы
2015 жылдың тамызынан бастап 2017 жылдың желтоқсанына дейін – «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы
2017 жылдың желтоқсанында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
2021 жылдың 21 сәуірінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Елбасының штаттан тыс көмекшісі етіп тағайындалды.
«Қазақстанның Еңбек Ері», «Құрмет белгісі», «Достық», «Парасат», «Отан» ордендерімен марапатталған.
-
11 қаңтардан бастап қандай әлеуметтік төлемдер көбейеді16422"Тыйым салынады". ҚМДБ энергетикалық сусындарға қатысты үкім шығарды4403Кәмелетке толмаған баланы өлтірді деп айыпталған адам Ресейден экстрадицияланды3974Қаңғыбас иттерге жылына 450 млрд теңге немесе күніне 1,2 млрд теңге жұмсалады3905"Тариф қымбаттап жатыр": Мобильді операторлар сапасы қашан жақсарады?375
-
1Төлемдер мен аударымдар жұмыс істемейді, қолма-қол ақша болсын. Ұлттық банк түсініктеме берді572312Синоптиктер биылғы қыстың қандай болатынын айтты501553Перизат Қайрат кім159324"Баласы барын дәлелдеп жүгірмеуі керек". Депутат көпбалалы аналар мәселесін көтерді150615Алматыда неліктен жер сілкінісіне байланысты хабарландыру болмады14855