Анықтама

Есенбаев Асылбек Есімқанұлы

796

Қазіргі лауазымы: Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданының әкімі

Білімі: Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді

Саяси ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Қазақстанның Даму институтында ғылыми қызметкер ретінде бастаған. 

«Стратегия» талдау орталығы, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты секілді ғылыми-зерттеу құрылымдарында жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінде, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Кеңсесінде қызмет жасады. 

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде басқарма басшысы болып қызмет атқарды. 

«Рухани Жаңғыру» Қазақстан әлеуметтік даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы

2022 жылғы ақпаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданының әкімі

Бөлісу: