Қазіргі лауазымы: ҚР жазушылар Одағының төрағасы
Әлеуметтік желіде: https://www.facebook.com/ulugbek.yesdaulet
-
Туған жылы: 29.04.1954
-
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылы
-
Білімі: 1977 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін журналист мамандығы бойынша,
-
1985 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстардың поэзия бөлімін (Мәскеу қаласы,) әдебиетші мамандығы бойынша бітірген.
1971 жылдан - Шығыс Қазақстан облыстық газетінің корректоры.
1977 жылдан - республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бөлім меңгерушісі.
1979 жылдан - «Жазушы» баспасының редакторы (Алматы қаласы).
1985 жылдан – Қазақ телевизиясы жастар редакциясының редакторы.
1986 жылдан - «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясы сын бөлімінің тілшісі.
1988 жылдан - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
1991 жылдан - «Жас Қазақ» газетінің бас редакторы.
1993 жылдан - ҚР Сыртқы істер министрлігінде бөлім меңгерушісі.
1997 жылдан – ҚР Қоғамдық келісім, ақпарат және мәдениет министрлігінің бөлім меңгерушісі
2000 жылдан - ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінде мәдениет секторының меңгерушісі.
2002 жылдан - «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының бас редакторы
2008 жылдан - «Жұлдыз» әдеби журналының бас редакторы.
2018 жылдың 12 наурызынан бастап Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы
Шығармашылығы:
«Қанат қақты» (1974); "Көздеріңе ғашықпын" (1974); «Жұлдыз жарығы» (1977); «Аптайдың алтынтамыры» (1979); «Ұлыстың ұлы күні» (1982); «Ақ керуен» (1985); «Жаратылыс» (1989); «Жүректегі жарылыстар» (1995); «Алтай асулары» (1988); «Заман-ай» (1999); «Киіз кітап» (2001) кітаптарының; «Ахиллестің өкшесі» өлеңдер жинағының (2003); қазақ тіліндегі 5 томдық шығармалар жинағының (2006); «Ынтық зар» (2009); «Әбілхаят» (2009) авторы. «Семей-Невада» қозғалысының әнұраны «Заман-ай» әні сөздерінің авторы.
Марапаттары:
1976 жылы «Жігер» шығармашыл жастар байқауының жеңілімпазы;
1982 жылы «Қара пима» поэмасы «Жалын» республикалық (жабық) әдеби сайысының жеңімпазы атанған.
1986 жылы «Ақ керуен» кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды;
1995 жылы Түркі тілдес елдер поэзиясы байқауының лауреаты;
2000 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;
2001 жылы «Құрмет ордені» нің иегері.
2002 жылы «Киіз кітап» жинағы үшін Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды;
2004 жылдан Гуманитарлық ғылымдар академиясының құрметті академигі (ғылыми атағы);
2005 жылы * «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі;
2007 жылы Ресейдің Алтын Есенин медалінің кавалері.
2007 жылдан М. Әуезов атындағы Семей университетінің құрметті профессоры (ғылыми атағы);
Қазақстан журналистика академиясының толық академик-мүшесі.
Қазақстан журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері.
2013 жылы ҚР тұңғыш президенті – елбасының қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.

-
-
1Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері110552Аймағамбетов қаржылық дербестік туралы: Білім басқармалары мектептерге бостандықты бергісі келмейді75233Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды67584Теңге спектаклі. Ұлттық валютаның күрт өсуіне не себеп болды?56415БҒМ қанша директор ротациядан өткенін мәлімдеді4935