Анықтама

Ержанов Аманияз Қасымұлы

1355

Қазіргі лауазымы: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі


Туған жылы: 1960 жыл

Туған жері: Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген

Білімі: Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын, БЛКЖО ОК жанындағы жоғары комсомол мектебін, Қазақ мемлекеттік басқарма академиясын тәмамдаған.


Еңбек жолын 1982 жылы Орал облысы Тайпақ ауданының Красноярский кеңшарының бас инженер-гидротехнигі қызметінен бастаған.


Әр жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі, ҚР Мемлекеттік кеден комитетінің департамент директоры, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының сектор меңгерушісі, Атырау облысы бойынша кеден басқармасының басшысы, ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.


2005–2006 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.


2006–2007 жылдары — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.


2007–2012 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы.


2012 жылғы ақпан мен 2017 жылғы тамыз аралығында — ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары.


2014 жылдың тамыз айынан 2017 жылдың наурызына дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарды.


2017 жылғы наурыз айынан бастап — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі.


2019-2021 жж. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.

Бөлісу: