Ертаев Бақытжан Ертайұлы
2001Халық қаһарманы
Туған жылы: 1952 жыл
Туған жері: Жамбыл облысы Жуалы ауданы Кеңес ауылында туған.
Білімі: 1973 жылы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін бітірген.
1985 жылы М.В. Фрунзе атындағы Әскери академиясының бітірген.
1996 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Бас штабы әскери академиясында оқыған.
Оқу бітіргеннен кейін мотоатқыштар взводының командирі лауазымынан бастап армия корпусының лауазына дейін бар сатынан өткен.
1981-1985 жылдар арлығында Кеңес Одағының Ауғанстандағы шектеулі құрамында 108-шы мотоатқыштар дивизиясының 186-шы мотоатқыштар полкында рота командирі, одан кейін 66-шы бөлек мотоатқыштар бригадасыныңда батальонның штаб бастығының орынбасары, командирі лауазымдарды атқарған.
1992 жылы Қазақстанның қарулы қүштері құрылғаннан бастап, Казақстан Республикасы Мемелекеттік қорғаныс комитетте әскери қызмет өтеген.
1992-1997 жылдары – 97751 санды әскери бөлімінің командирі.
1996-1997 жылдары – 1-ші әскери корпустың командирі.
1997-2000 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы қүштерінің штаб басшысы, одан кейін Бас штабының басшысы.
1999 жылдың тамызынан бастап 13 қазанына дейін Мұхтар Алтынбаев отставкаға кетуіне байланысты ҚР Қорғаныс министрінің міндетін атқарды
2000-2002 жылдары – Шығыс әскери округтің әскерлерінің колбасшысы.
2002 жылдың қаңтар-қырқүйек аралығында - Қазақстан Республикасы Қүштерінің Әскери академиясының бастығы.
2002-2003 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Мәскеу қаласындағы ТМД-дағы қатусышы-мемлекеттердің әскери ынтымақтастығын үйлестіру штабында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің өкілі қызметін атқарған.
2003-2005 жылдары – әскери дайындық жөніндегі Құрлықтары әскерлер Бас қолбасшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Құрлықтағы әскерлерінің Бас қолбасшысы Басқармасының әскери дайындық Бас басқармасының бастығы.
2005-2008 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскери дайындығын ұйымдастыруын бақылау генерал-инспекторы.
2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскери дайындығы жөніндегі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің штаб бастықтары комитетінің төраға орынбасары қызметін өтеді.
Ал 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қорғаныс минитрлігі әскери Бас инспекциясының бастығы.
2012-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 5-ші сайланымның депутаты. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
2016-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
«Халық қаһарманы» құрмет атағы, «Отан», «Қызыл Жулдыз», II дәрежелі «Данқ» және басқа орден мен медальдармен марапатталған. Неміс тілін меңгерген.
Үйленген, екі баласы және екі немересі бар.
-
1Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге ескерту жариялады204232Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді199253Некесін қиған күні қайтыс болған жігіт ісі: Ахметжанов тың дерек айтты136954Алматыдағы үйлердің бірінен қарт ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды119495Алматыда пакетке салынған әйелдің денесі табылды9921