Анықтама

Темірханов Ерқанат Уақбайұлы

785
Ерқанат Уақбайұлы Темірханов11.jpg

Қазіргі лауазымы: "ҚазТрансГаз" АҚ Бас директордың трансформация және даму жөніндегі орынбасары


Білімі: Экономика ғылымдарының докторы, 

«Еуразия» ХЭА академигі. 

Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Экономика және Қаржы Университетінде кандидаттық және докторлық диссертациясын қорғаған


Еңбек жолын 1975 жылы Павлодар ауданындағы «Ямышево» совхозында жұмысшы болып бастады.

1981 жылы Павлодар индустриялдық институтын инженер-өнеркәсіпжылуэнергетик мамандығы бойынша бітірді.

1981-1983 жылдары Павлодар алюминий зауытында инженер-энергетик болып жұмыс істеді.

1983-1985 жылдары аралығында СҚО облыстық штабында комиссар.

1985-1987 жылдар аралығында «Жол құрылыс материалдар комбинаты» өндірістік бірлестігі «Павлодароблмежколхозстрой» трестінің бас энергетигі болды. Өндірісте, партиялық-кеңестік органдарда, мемлекеттік және жеке меншік секторларда, банк жүйелерінде және қызмет көрсету салаларында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

2005-2006 жылдар аралығында ҚР ТМРА департамент директорының орынбасары, Ақтөбе облысы бойынша ТМРА басқарма бастығы. Астана Экономикалық Форумын ұйымдастырушылардың бірі.

2009 жылдан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жұмыс істейді: Бас директордың кеңесшісі, Астана қ. өкілдіктің директоры, департамент директоры, тариф саясаты жөніндегі басқарушы директор, басқарушы директор (Басқарма мүшесі).

2008 жылдан бастап «Темірханов Баспа Үйі» ЖШС Президенті.

Марапаттары: БЛКЖО ОК «Алтын белгі», мақтау грамоталары: КОКП ОК Саяси бюросының, ҚазССР Министрлер Кеңесінің, ҚазССР Байланыс Министрлігінің, КСРО ДОСААФ Төралқасының және ҚазССР, БЛКЖО ОК және Қазақстан ЛКЖО. «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қазақстан Республикасы Президентінің мақтау грамотасы.

Бөлісу: