Қазіргі лауазымы: Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданының әкімі
-
Туған жылы: 23.11.1977 жыл
-
Туған жері: Шымкент қаласы
-
Білімі: Қазақ мемлекеттік заң академиясы (2000),Заңгер
-
Л.И. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2003),Экономист
-
ЕҰУ Дипломатиялық академиясын (2005)
-
Бостон университетін (АҚШ) тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі
2001–2004 жылдар аралағында Астана қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, «Астана – жаңа қала» ЕЭА бөлімінің басшысы, елорданың сауда басқармасы басшысының орынбасары, Астананың тұрғын үй департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2004–2006 жылдар аралығында – Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары.
2006 жылы Қарағанды облысы бір реттік талондарды беру басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
2007 жылы – Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары.
2008 жылы – Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының әкімі.
2009–2010 жылдар аралығында – Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы.
2010–2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Мәжілісі аппаратының басшысы болды.
2012–2014 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2014–2017 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2017 жылдан 2018 жылға дейін – Астана қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
2018 жылдан 2019 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекетік инспекторы.



-
1Дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтыны туралы айтты289932Өз еркі, ешкім мәжбүрлемейді. Аймағамбетов мұғалімдердің вакцина салдыруы туралы айтты160663Кенесары ханның бас сүйегі елге жеткізіледі116444ІІМ Аяжан Еділованың өлімі мен BI Group-тегі зорлыққа қатысты пікір білдірді108565Педагогтердің арыз-шағымдары дер кезінде қаралуы қажет – Аймағамбетов.6649