Анықтама

Досанов Димаш Ғабитұлы

1470

Қазіргі лауазымы: 


  • Туған жылы: 2 қараша 1981 жыл.

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Униеверситетін «екі тілді меңгерген халықаралық қатынастар жөніндегі маман» мамандығы бойынша,

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген болатын.

Вашингтон қаласындағы, АҚШ, Джорджтаун университетінде алған іскерлік әкімшілік магистрі (MBA) дәрежесіне ие.


Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімият аппараты жанындағы шағын және орта бизнесті дамыту ассоциацияның менеджері болып бастады.


2004 жылы Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігі инновациялық саясат және жаңа технологияларды дамыту департаментінің жаңа технологиялар бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.


2004-2006 жылдар аралығында «БӨ «ҚазМунайГаз» АҚ-да әкімшілік департаментінің маманы, бас маманы, бас директорының көмекшісі, ТЖАБЖ департаментінің бас инжинері сияқты түрлі лауазымдарда еңбек етті.


2006-2010 жылдары аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ірі мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық қамтымын дамыту департементі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.


2010-2014 жылдары аралығында NCOC-та (North Caspian Operating Company) бас менеджердің сервис жөніндегі орынбасары болып, содан соң сервис жөніндегі бас менеджері болып қызмет атқарды.


2014 жылдың қыркүйек пен желтоқсан аралығында «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары,


2014 пен 2016 жылдың қаңтары аралығында «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-ң директоры болды.


2006 жылдың 15 қаңтарынан «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды.


2016 жылғы 12 ақпанда «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.


2016-2022 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы).

Бөлісу: