Анықтама

Кәлетаев Дархан Аманұлы

2533

Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі

Әлеуметтік желілере:

Туған жылы: 1972 жыл

Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы   

Білімі: Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін тәмамдаған. Мамандығы: тарихшы-оқытушы, мемлекеттік басқару менеджері. 

Саяси ғылымдар докторы.


Еңбек жолын 1995 жылы ҚР Министрлер Кабинетінің Тілдер комитетінің маманы ретінде бастаған. 


Білім және мәдениет; ақпарат және қоғамдық келісім министрліктерінің құрылымында жұмыс істеген. 


2002 жылдан бастап — ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, Әлеуметтік-саяси бөлім меңгерушісі, мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.


2007–2008 жылдары — Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, 


2008–2009 жылдары — «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары, 


2009–2016 жылдары — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарған.


2016 жылдың қазан айында ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. 


2018 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды.


2018 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.


2019 жылдың 1 наурызда премьер-министр кеңсесінің басшысы қызметіне тағайындалды.


2019 жылдың 25 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.


2019 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды

2020 жылдың ақпанынан Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды 


«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, сондай-ақ, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Бөлісу: