
Қазіргі лауазымы: ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы
Туған жылы: 1984 жыл-
-
Туған жері: Ақмола облысында дүниеге келген.
-
Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, -
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін, -
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, -
Warwick университетін («Болашақ» бағдарламасының стипендиаты) тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында бастаған. Түрлі жылдары «Бәсекелі саясатты дамыту және қорғау орталығында», Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы басқармада бәсекелестікті қорғау бөлімінің бас маманы, басшысы қызметтерін атқарған.
2013-2014 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінде Квазимемлекеттік сектор және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары, Мемлекеттік кәсіпорындар мен қосылуларын бақылау департаментінің директорының орынбасары болды.
2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Мемлекеттік кәсіпорындар мен қосылуларын бақылау басқармасын басқарды.
2015-2017 жылдары — ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасының орынбасары. 2017 жылдан бастап қазірге дейін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары болып еңбек етті.


-
1Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанға келді4412Алматыда полиция салынып жатқан құрылыстан құлап кетті3493Актер Нұркен Өтеуіл де жаңа қызметке тағайындалды2734Қарағанды облысында жарты миллион қойға арналған мегаферма салынады2385Қырғыз Президенті Тоқаевқа Жұбан Молдағалиевтің өлеңін оқып берді.224
-
1Алматыда асфальт жарылып, жүк көлігі жер астына түсіп кетті13782Еревандағы армян достарынан хат алып тұрған пошташы4943Аймағамбетов ұстаздарға қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты4534Эксклюзив: Қырғыз Президенті Садыр Жапаровпен сұхбат4425Оқушылар мектепте оқи ма, жоқ па? Вице-министр ата-аналарды мазалаған сұраққа жауап берді.438