Қазіргі лауазылы: Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі
-
Туған жылы: 11.01.1965 жыл
-
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы
-
Білімі: 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.
-
Экономика ғылымының кандидаты.
Еңбек жолын 1988 жылы институтты бітірген соң Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында информатика пәні мұғалімі ретінде бастады.
1988-1992 жылы Өзбек КСР Мемлекеттік жоспары жанындағы экономика және нормативтер ҒЗИ экономисті болып қызмет етті.
1992-1993 жылдары - Сарыағаш аудандық әкімшіліктің аға экономисті.
1993-1994 жылдары - «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы. 1994-1997 жылдары - Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары және бірінші орынбасары.
1997-1999 жылдары - Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
1999-2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2002-2006 жылдары -Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2006-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2008-2013 жылдары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.
2013 жылдың ақпанынан бастап - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2013 жылдың маусымынан бастап - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2014 жылдың 6 тамызынан бастап - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.
2018 - 2019 жылдары - «Нұр Отан» партиясының Хатшысы.
2019 жылдың шілде айынан бастап Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ директоры
2020 жылдың мамырынан Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі
Марапаттары «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.


-
1Сенаторлар ғылыми саланы жетілдіру мәселелерін талқылады9542Украина президенті коронавирусқа қарсы вакцина салдырды5023Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті1724Бейсен Құранбектің ғасыр жасаған әжесі өмірден озды1035Атырау облысының әкімі жедел отырыс өткізді.92
-
1Кибербуллинг. Кінәлілерді анықтау қарастырылмаған36632Қырғыз Президенті Тоқаевқа Жұбан Молдағалиевтің өлеңін оқып берді33453Енді шалғай ауылдарға жылжымалы дәріхана пункттері баратын болады31074Жер қатынасы саласын цифрландыруда жүйелі жұмыстар атқарылуда29895Депутат заңды зерделемей, желіде даурықпа әңгіме тарататындар туралы айтты.2915