Анықтама

Дәулет Рүстем Рысбайұлы

2629
20170302123248.jpg

Қазіргі лауазымы: Жамбыл облысы әкімінің орынбасары


Туған жылы: 1974 жылы туылған, 

Білімі: 1996 жылы «Элтекс» Жамбыл жоғары кәсіпкерлік мектебін «кәсіпкер-маркетолог», 

2003 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік басқару», 

2010 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.


Еңбек жолын 1994 жылы «Бостандық» акционерлік қоғамында жұмысшы болып бастаған болып бастаған.


1995-2000 жылдары Талас ауданы Бостандық ауылдық  округі әкімінің орынбасары, әкімі,  2000-2002 жылдары Қаратау қаласы әкімінің орынбасары,  2003 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының консультанты,  2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитетінің басқарма бастығы,  2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы орынбасарының көмекшісі,  2006-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі,  2011-2013 жылдары Жамбыл облысы  Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары,  2013-2018 жылдары   Жамбыл, Шу аудандарының және Тараз қаласының әкімі,  2018-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі,  2019-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.


Жамбыл облысы әкімінің 2019 жылғы «24» сәуірдегі № 67-Ж/Қ өкімімен Рүстем Рысбайұлы Дәулет Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

2020 жылдың ақпан айынан бастап Қордай ауданының әкімі қызметін атқарған.

2021 жылы 3 қыркүйекте Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып ауысты.

Бөлісу: