Бюрабекова Людмила Витальевна
1173Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1973 жыл
Туған жері: Қарағанды облысында дүниеге келген.
Білімі: 2000 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын,
2004 жылы Қазақ фармацевтика институтын,
2014 жылы Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша – дәрігер, провизор, іскерлік әкімшіліктендіру магистрі.
Еңбек жолын 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында бастаған.
2004–2005 жылдары Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді клиникалық ауруханасында дәрігер-клиникалық дәрі-дәрмек маманы ретінде қызмет атқарған.
2005–2010 жылдары мемлекеттік органдарда түрлі лауазмдарды атқарған. 2011–2014 жылдары Республикалық оңалту орталығында, Ұлттық медицина холдингінде, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында жұмыс істеген.
2014–2015 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасында бас инспектор ретінде еңбек еткен.
2015 жылдан 2017 жыл аралығында ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.
2017 жылғы тамыздан бастап қазірге дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрайымы болды.
2019 жылдың мамыр айынан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
2020 жылғы сәуірден 2020 жылғы қыркүйекке дейін Денсаулық сақтау вице-министрі болды.
-
1Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге ескерту жариялады204592Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді199723Некесін қиған күні қайтыс болған жігіт ісі: Ахметжанов тың дерек айтты137404Алматыдағы үйлердің бірінен қарт ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды119975Алматыда пакетке салынған әйелдің денесі табылды9954