Анықтама

Борашев Қуат Қахарманұлы

846

Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы

  • Туған жылы: 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген;
  • Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — журналист.

Еңбек жолын 1993 жылы «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясының редакторы қызметінен бастаған. 

1994 жылғы мамыр-қазан айлары аралығында «Қазақстан телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясының репортеры болды.

1994-1995 жылдары — орта мектеп мұғалімі. 

1995-1997 жылдары — «Райхан-ТВ» телекомпаниясының дикторы. 

1997 жылғы шілде-қыркүйек айлары аралығында — «Тараз-ТВ» қалалық телеарнасының редакторы. 

1997-2000 жылдары — «Ақнұр» және «Азан» топтарының редакторы, жетекшісі, «Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясы» ЖАҚ комментаторы. 

2000-2003 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ЖАҚ бас маманы. 

2003-2005 жылдары — «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі. 

2005 жылғы ақпан-маусым аралығында — «ҚР Президентінің ТРК» ҰАҚ бөлімінің меңгерушісі. 

2005-2006 жылдары — «Қазақстан Республикасы Президентінің ТРК» ҰАҚ бөлім меңгерушісі. 

2006 жылғы наурыз-тамыз аралығында — ҚР Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы. 

2006-2007 жылдары — «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы. 

2007-2012 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған. 

2012-2013 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары. 

2013-2017 жылдары — ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары. 

2017 ж. маусым-қараша аралығында — «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің бас редакторы. 

2017-2019 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы. 2019 жылғы наурыздан бастап қазіргі таңға дейін — ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2021 жылдан бері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы

Бөлісу: