Қазіргі лауазымы:
Әлеуметтік желілерде:
-
Туған жылы: 14.05.1983 жыл
-
Туған жері: Қызылорда қаласы
-
Білімі: «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Қызылорда мемлекеттік университетін,
-
«Ақпараттық және коммуникациялық инженерия» мамандығы бойынша Андонг Ұлттық Университетінің магистратурасын және докторантурасын (Оңтүстік Корея) бітірді.
-
Ақпараттық және компьютерлік коммуникациялар жөніндегі көптеген ғылыми басылымдары бар, 20 астам ғылыми жұмыстардың авторы болып табылады.
-
Әбішев О.А. - ақпараттық және коммуникациялық инженерия саласындағы доктор (PhD),
-
Қазақстан Республикасындағы инновациялар бойынша Президенттік клубтың мүшесі.
-
«Өңірлік инновациялар үшін арналған ұлттық университетінің (NURI)» қауымдастырылған профессоры (Оңтүстік Корея).
-
Корея ақпараттық және коммуникациялық ғылымдар институтының (Оңтүстік Корея) тұрақты мүшесі.
-
«Корея Интернет Ақпараты Қоғамының» (Оңтүстік Корея) тұрақты мүшесі.
Еңбек жолын 2000 жылдан бастап Қызылорда қ. «Қазвторчермет» ААҚ оператор-бағдарламашысы ретінде бастаған
Өткен жылдар ішінде әртүрлі ұйымдарда: Man&Tel LTD инженер-әзірлеуші (Гуми қ., Оңтүстік Корея); Өңірлік инновациялар үшін арналған ұлттық университетінде (NURI) профессордың көмекшісі;
«Қазагромарткетинг» АҚ басқарушы директоры;
«Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ мобильді сараланған станция бөлімінің бастығы;
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Электрондық үкімет құзіреті орталығының бас талдаушысы;
«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жанындағы «Демеу Умх» ЖШС департаментінің директоры;
«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ әкімшілік департаментінің директоры;
«Медициналық технологиялар және ақпараттық технологиялар орталығы» АҚ ақпараттық технологиялар бойынша кеңесшісі;
«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ алдыңғы қатарлы технологиялар және инновациялар департаментінің директоры;
ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары;
ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының м.а..
2017 жылғы 11 қыркүйектен ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры.
2018 жылғы 6 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.
