Әбіш Кекілбайұлы
2706
Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері (1939-2015)
Туған жылы: 1939 жыл 6 желтоқсанда дүниеге келіп, 2015 жылдың 11 желтоқсанында дүниеден өтті.
Туған жері: Маңғыстау облысы, Оңды ауылы
Білімі: 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады.
1962 - 1965 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.
1965-1968 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрлігінде,
1968-1970 жылдары Кеңес армиясының қатарында,
1970-1975 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор,
1975-1984 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі,
1984-1986 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрінің орынбасары,
1986-1988 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы,
1989-1990 жылдары ҚазКСР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы,
1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.
1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы,
1992-1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы,
1993-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.
1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы,
1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.
2002 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты болды.
Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.
Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді.
Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.
Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.
2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.
Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
1Әзербайжан 2026 жылы Армениямен бейбіт келісімге қол қоюды жоспарлап отыр3822Италияның солтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты3373Испания полициясы фермаларда құлдыққа түскен 300-ден астам шетелдікті босатты3104Семейде 25 мың орындық жаңа стадионның құрылысы басталды3095Eurovision – 2026: Израиль қатысатын болғандықтан, бірнеше ел байқауға бойкот жариялады254
-
12026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?1039321 желтоқсаннан бастап заң бұзған жүргізушілер айыппұл төлейді93883Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?7944415-20 мың теңге: Ет бағасы тағы өзгеруі мүмкін бе?63605Қазақстанда мерзімінен бұрын қалай зейнетке шығуға болады?5851