Бас жаңалықтар
Анықтама
Бисембаев Абай Айдарханұлы 54


Қазіргі лауазымы: ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының көмекшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары

Туған жылы: 1967 жылғы 21 мамыр

Туған жері: Көкшетау облысында туған.

Білімі: 1992 жылы «әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» маман


дығы бойынша М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетін,

1996 жылы «қаржы және кредит» мамандығы бойынша Қазақ Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын бітірген.

Саяси ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1984 жылы Көкшетау облыстық Құрылыс-монтаждау басқармасының жұмысшысы болып бастаған.

1985-1987 жылдары Кеңес Әскерінің қатарында қызмет атқарған.

1992 жылы ҚазКСР Ғылым академиясы Экономика институтының ғылыми қызметкері болған.

1992-1994 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті инвестициялық қорлар басқармасының жетекші маманы, бастық орынбасары, бастығы қызметтерін атқарған.

1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Іс басқармасының аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесінің консультанты болған.

1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі болған.

1996-2006 жылдары «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ вице-президенті, президенті қызметтерін атқарған.

2006-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары қызметін атқарған.

2012-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы.

2019 жылдын 20 наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының көмекшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары.

II дәрежелі «Барыс»,«Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.


Загрузка...

Сізден жаңалық