Анықтама

Біртанов Есжан Амантайұлы

1189

Қазіргі лауазымы: «Freedom Finance Life» АҚ және «Freedom Finance Insurance» СК Директорлар кеңесінің мүшесі


Туған жылы: 1975 жыл 1 шілде

Білімі: 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша аяқтады; 1999 жылы экономика магистрі дәрежесін алды.

2002 жылы «Тұран» университетін  юриспруденция мамандығы бойынша аяқтады.

2015 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін Executive Management бағдарламасы бойынша бітірді.


1998 жылы дилинг операциялары және қаржы нарықтарын талдау басқармасы сыртқы нарықтың дилинг операциялары бөлімінің жетекші дилері ретінде бастады


2003 – 2012 жылдары Монетарлық операциялар департаменті дилинг операциялары басқармасының бастығы, директорының орынбасары болып жұмыс істеді


2012 – 2014 жылдары «ҚР Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ-тың Басқарма Төрағасы лауазымын атқарды


2014 – 2015 жылдары Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының кеңесшісі, ҚР Ұлттық Банкінің Жоспарлау және бюджет департаментінің директоры лауазымдарын атқарды


2015 – 2016 жылдары «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың Басқарма Төрағасы лауазымын атқарды


2016 жылдың басында «ҚР Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ-тың Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалды


2018 жылдың басынан 2019 жылғы наурыз аралығында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың басқарушы директоры болды


Мемлекет басшысының 2019 жылғы 28 наурыздағы өкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

2022 жылы 11 наурызда бұл қызметтен кетті

2022 жылдан бері «Freedom Finance Life» АҚ және «Freedom Finance Insurance» СК Директорлар кеңесінің мүшесі


«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Бөлісу: