Анықтама

Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы

2233

Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы


Әлеуметтік желілерде расталған аккаунттары (негіздеме: )

  • Туған жылы: 1978 жыл 1 тамыз
  • Туған жері: Алматы қаласы
  • Білімі: 1999 жылы «Халықаралық экономикалық қатынас» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттiк басқару академиясын тәмамдаған.
  • 2002 жылы Колумбия университетін тәмамдап, «Экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алды.
  • 2011 жылы Кеннеди Гарвард атындағы мемлекеттік басқару мектебін тәмамдап, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды.

 1999 жылдан 2001 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау жөніндегі  агенттігінің бас маманы. 


2003 жылдан 2004 жылға дейін  - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі стратегиялық жоспарлау басқармасының бас маманы, басшы. 


2004 жылдан 2006 жылға дейін –  Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі "Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамы мемлекеттік саясатты талдау департементінің директоры. 


2006 жылдан 2008 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 


2011 жылдан 2013 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі. 


2012 жылдан бері Қазақстанның Дүниежүзілік банктегі Басқарушысының орынбасары.


2013 жылдан 2014 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. 


2014 жылдан 2018 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.


 2018 жылы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.


2019 жылы ҚР Ұлттық эканомика вице-министрі


2019 жылыҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары 


2019 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Өзге де қызметі: «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрайымы (2011 жылғы қыркүйек- 2013 жылғы мамыр);


Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның мүшесі (2014 жылғы желтоқсаннан бастап) "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі (2016 жылғы желтоқсан - 2018 жылғы ақпан).


Марапаттары: медальдары «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», ІІ дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Құрмет» ордені.

Бөлісу: