Анықтама

Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы

3722

Қазіргі лауазымы: "Аманат" партиясы Жамбыл облысы филиалының атқарушы хатшысы


Туған жылы: 1975 жылы туған.

Білімі: 1997 жылы Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын «инженер-механик»,

2015 жылы Тараз иновациялық-гуманитарлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.


Өз еңбек жолында ол әр жылдары Жамбыл аудандық көші-қон және демография бөлімінің жетекші   маманы,


Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, жалпы, ішкі саясат бөлімдерінің бас маманы,


Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.


2011 жылғы қазаннан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек еткен.


2019 жылғы 4 мамырынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқарма басшысы болып тағайындалды.

2021 жылдан бері "Аманат" партиясы Жамбыл облысы филиалының атқарушы хатшысы

Бөлісу: