Анықтама

Бекжігітов Русланбек Кеңесбекұлы

506

Қазіргі қызметі: Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі

Туған жылы: 1971 жылы 13 қаңтар.

Білімі: Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектеп (1989);

А. Можайский атындағы әскер-ғарыш инженерлік академиясы (1994);

Құқықтану академиясы – «Әділет» жоғары заң мектебі (2002 ж.)

Еңбек өтілі:

Әскери-әуе күштерінің әскери бөлімдерінде және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратында әртүрлі лауазымдарда қызмет етті (1994-1999);

Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінде қорғаныс және құқықтық тәртіп мәселелеріне жетекшілік етті (1999-2002);

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының қызметкері (2002-06.2015 ж.);

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері басқармасының басшысы (06.2015-03.2021).

2022 жылы 25 мамырдан Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі

Бөлісу: