Қазіргі лауазымы: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары
-
Туған жылы: 1980 жылы туған
-
Туған жері: Алматы қаласы
-
Білімі: 2001 жылы Қазақ мамлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасында бас маманы ретінде бастады.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімінде сарапшы болып тағайындалды;
Ұзақ уақыт бойы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде, кейіннен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасының орынбасары;
2015 жылғы қаңтардан бастап - Астана қаласының Мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы;
13 шілдеден 2016 жылға дейін - Астана қаласы әкімінің аппаратының басшысы.
2016 жылдан 2017 жылғы шілдеге дейін Астана қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің бастығы
2017 жылғы 10 шілдеден бастап - Ақмола облысы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары
2018 - 2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
2019 жылдың 26 маусымынан бастап Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары қызметіне та5айындалды
II дәрежелі Айбынның орденімен марапатталған.

-
1Түркияда өтетін IV ДКО-ға дайындық басталып кетті – Рахат Жақсыбай5382Қызылордалық агроном жылына 20 тонна қозықұйрық өсіреді5263Қызылордалықтың көлігінен граната мен марихуана тәркіленді5004ШҚО-да сапасыз жолдар үшін 11 басшы жауапқа тартылды4715Референдум: ҮЕҰ өкілдері азаматтық қоғам рөлінің нығаюы туралы айтты444
-
1Аймағамбетов қаржылық дербестік туралы: Білім басқармалары мектептерге бостандықты бергісі келмейді73102Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды65623Теңге спектаклі. Ұлттық валютаның күрт өсуіне не себеп болды?54524Сәуірден бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлем көбейеді45275БҒМ қанша директор ротациядан өткенін мәлімдеді4202
