Қазіргі лауазымы: Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы
-
Туған жылы: 1965 жылы 18 қыркүйек
-
Туған жері: Солтүстік Қазақстан облысының Соколов ауылында туған.
-
Білімі: 1988 жылы Киев жоғары жалпыәскери командалық училищесін бітірген;
-
2000 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын бітірген;
-
2007 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы Әскери академиясын бітірген.
Әскери қызметін танк дивизиясы мотоатқыштар полкы мотоатқыштар взводының командирі лаузымында бастаған;
1990-2007 жылдар аралығында штаб бастығы – дербес мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары, жедел басқарма бастығы – Республикалық ұлан Орталық аппаратының штаб бастығы, Республикалық ұлан Орталық аппаратының Әскери қызмет және әскерлер дайындығы департаментінің бастығы лауазымындарында болды;
2007-2010 ж.ж. – ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитеті Жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары;
2010 ж. қаңтар-2010 ж. қараша – ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитеті Жедел жоспарлау департаментінің бастығы;
2010 ж. қараша-2011 ж. маусым – ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитеті Стратегиялық жоспарлау департаментінің бастығы;
2011 ж. маусым-2013 ж. шілде – өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының штаб бастығы;
2013 ж. шілде айынан - 2016 ж. - «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы;
2016 ж. 28 қыркүйек - 2019 ж. 4 сәуір - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы;
2019 ж. 5 сәуірден бастап Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы болып тағайындалды.
Генерал-майор

-
1Аймағамбетов қаржылық дербестік туралы: Білім басқармалары мектептерге бостандықты бергісі келмейді68662Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды61093Теңге спектаклі. Ұлттық валютаның күрт өсуіне не себеп болды?50914Сәуірден бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлем көбейеді41535«Бұлтты бухгалтерия». БҒМ жүйеге көшкен өңірлерді атады2443
