Анықтама

Бектаев Әли Әбдікәрімұлы

2263

Қазіргі лауазымы: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттар партиясының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты


Туған жылы: 1962 жылы 20 сәуір

Туған жері: Оңтүстік-Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңа Базар ауылында дүниеге келген.

Білімі: 1984 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын тамамдаған. Инженер-механик.

1992 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген (КИМЭП). Саясаттанушы.

Ғылыми дәрежесі, лауазымы: Экономика ғылымдарының кандидаты (2000 ж).


1984-1985 жылдары - Ленгер ауданы, Сейфуллин атындағы колхоздың бас инженері;


1985-1987 жылдары - Қазақстан ЛКЖО, Сайрам аудандық комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары;


1987-1989 жылдары - Сайрам аудандық партия комитетінің нұсқаушысы;


1989-1990 жылдары - Сайрам ауданы, Фрунзе атындағы кеңшардың партия комитетінің хатшысы;


1990-1991 жылдары - Ташкент, Алматы жоғарғы партия мектебінің және Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының тыңдаушысы;


1991 жылы - Шымкент облыстық партия комитетінің кеңесшісі;


1991-1992 жылдары - «Қазығұрт ЛТД» ӨКФ бас директорының орынбасары;


1992-1994 жылдары - Қазығұрт аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары;


1994-1999 жылдары - ОҚО Жастар ісі, Туризм және спорт басқармасының басшысы;


1999 жылы - Оңтүстік-Қазақстан облысының, мемлекеттік қызмет департаментінің басшысы;


1999-2000 жылдары - Оңтүстік-Қазақстан облысы сыртқы экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының басшысы;


2000-2002 жылдары - Қазығұрт ауданының әкімі;


2002-2006 жылдары - Оңтүстік-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;


2006-2008 жылдары - Түркістан қаласының әкімі;


2008-2014 жылдары - Оңтүстік-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;


2014 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына депутат болып сайланды.


2014-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі;


2017 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі;


2015 жылдың қыркүйегінен бастап – «Ауыл» халықтық-демократиялық, патриоттық партиясының төрағасы;


Жанұялы, 4 бала тәрбиелеп отыр.

Бөлісу: