Анықтама

Бекетаев Руслан Бақытжанұлы

1372

Қазіргі қызметі: ЕЭК-тің Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі


Туған жылы: 16.10.1975 жыл

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.


Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті (1996) экономист – бухгалтер (үздік диплом)

Бристоль Университеті, Ұлыбритания (09.2009-02.2011) Экономика, Қаржы және Менеджмент (үздік диплом)

Оксфорд университеті, Said атындағы Бизнес мектебі, Ұлыбритания (01.2010-05.2011)

Қаржылық Стратегия дипломы (үздік диплом)

Қазақ Гуманитарлық–Заң Университеті (2012 – 2014) Құқықтану (үздік диплом)

Империал колледж Лондон Университеті, Imperial College Бизнес Мектебі, Ұлыбритания (2017 – 2019)

Еxecutive MBA (жетекшілерге арналған бизнес-әкімшілендіру магистрі) (үздік диплом)


Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы атқарушы аппаратының Бағалы қағаздарды айналымға жіберу басқармасы жекешелендірілген кәсіпорындар бағалы қағаздарының комиссиясын тіркеу бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

1999 жылғы сәуірден бастап 2000 жылғы тамызды қоса алғанда - Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Лицензиялау және қадағалау басқармасының Қадағалау бөлімі оқу орталықтары және біліктілік куәліктерінің пайдаланылуын бақылау секторының меңгерушісі, Алматы қаласы.

2000 жылғы тамыздан бастап 2000 жылғы қазанды қоса алғанда - Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының Лицензиялау және қадағалау басқармасы Лицензиялау бөлімінің бастығы, Алматы қаласы.

2000 жылғы қазаннан бастап 2001 жылғы қаңтарды қоса алғанда - Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының Лицензиялау және қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, Алматы қаласы.

2001 жылғы қаңтардан бастап 2001 жылғы тамызды қоса алғанда - Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Лицензиялау және қадағалау департаменті директоры орынбасарының міндетін атқарушы, Алматы қаласы.

2001 жылғы тамыздан бастап 2002 жылғы қаңтарды қоса алғанда - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаментінің Лицензиялау және қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, Алматы қаласы.

2002 жылғы қаңтардан бастап 2002 жылғы наурызды қоса алғанда – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті Инвестициялық қызметті және бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын реттеу басқармасы бастығының орынбасары, Алматы қаласы.

2002 жылғы наурыздан бастап 2002 жылғы шілдені қоса алғанда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті Инвестициялық қызметті және бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын реттеу басқармасының бастығы, Алматы қаласы.

2002 жылғы шілдеден бастап 2002 жылғы қыркүйекті қоса алғанда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметін инспекциялау және бақылау басқармасының бастығы, Алматы қаласы.

2002 жылғы қыркүйектен бастап 2003 жылғы желтоқсанды қоса алғанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қаржылық қадағалау департаментінің Инспекциялау басқармасы бастығының орынбасары, Алматы қаласы.

2004 жылғы қаңтардан бастап 2004 жылғы мамырды қоса алғанда – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Бағалы қағаздар нарығы субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті Инспекциялау басқармасының бастығы, Алматы қаласы.

2004 жылғы мамырдан бастап 2005 жылғы мамырды қоса алғанда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Банктерді қадағалау департаменті Инспекциялау басқармасының бастығы, Алматы қаласы.

2005 жылғы маусымнан бастап 2010 жылғы қарашаны қоса алғанда – қаржы полициясы органдарында қызмет.

2011 жылғы мамырдан бастап 2011 жылғы шілдені қоса алғанда – «Қазақ Гуманитарлық-заң университеті» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, Астана қаласы.

2011 жылғы шілдеден бастап 2011 жылғы тамызды қоса алғанда – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы, Астана қаласы.

2011 жылғы тамыздан бастап 2012 жылғы сәуірді қоса алғанда - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасыныңорынбасары, Астана қаласы.

2012 жылғы сәуірден бастап 2014 жылғы шілдені қоса алғанда – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы, Астана қаласы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 шілдедегі № 830 қаулысымен Руслан Бақытжанұлы Бекетаев Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі болып тағайындалды.

2021 жылы 5 наурызда ЕЭК-тің Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі болып тағайындалды

Бөлісу: