Нұрпейісов Әбдіжәміл Кәрімұлы
36218
Қазақстанның халық жазушысы (1924-2022)
Туған жері: Қызылорда облысының, Арал ауданының, Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында дүниеге келген.
ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне өлшеусіз зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері.
II Дүниежүзілік соғыс ардагері,
Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курляндия плацдармындағы шайқастарға қатысқан.
ҚР халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбдіжәміл Нұрпейісов Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген.
1962 – 64 ж. «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды.
1992 жылдан халықаралық «Қазақ ПЕН» клубының Президенті,
2000 жылдан «Таң-Шолпан» журналы редакторлар кеңесінің төрағасы.
Қаламгердің тұңғыш туындысы «Курляндия» романы болды.
1950 жылы ҚР Жазушылар одағының сыйлығын иеленді.
«Күткен күн», «Қан мен тер» трилогиясы «Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу» атты туындылары 1916 – 1918 жылдардағы аласапыран кезең мен қазақ халқының әлеуметтік қайшылыққа толы күрделі өмірін көркем бейнелеген шығарма болды. Шығармаларда 200-ге тарта кейіпкерлер шеберлікпен сомдалған. Бір ғана Еламанның жігерлі бейнесі арқылы қазақ халқының өршіл қаһармандық рухы шынайы бейнеленген. Оның «Қан мен тер» романы бойынша жазылған инсценировкасы республикалық театрларда тұрақты сахналанып келеді.
Ал әлеуметтік-психологиялық «Соңғы парыз» роман-дилогиясында Арал теңізінің апатқа ұшырауына кінәлі адамдардың хикаясы нақты суреттелген. Шығармада экология, табиғат пен адам арақатынасын толғаған қаламгер оқырмандарды рухани-адамгершілік мұраттарға жетелейді. Нұрпейісовтің «Толғау» атты әдеби-сын мақалалар, эсселер жинағы 1972 ж. қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді, кейін толықтырылып «Жүрегі толы жыр еді» деген атпен қайта басылды. «Көгілдір көлдер өлкесі», «Ақбидай туралы аңыз» секілді бірнеше очерктер жинағы шықты. «Қасиетіңді қадірле» атты кітабына соңғы уақытта жазған әдеби мақала, очерк, эсселері енген.
Ол А.П. Чеховтың, А.М. Горькийдің, Назым Хикметтің, испан жазушысы А.Кэсонның шығармаларын қазақ тіліне аударды. Сонымен қатар, Нұрпейісовтің туындылары да бірнеше шетел тілдеріне аударылған. КСРО Мемлекеттік сыйлығының, Мәскеудегі Халықаралық Әдеби қордың “За честь и достойнство” сыйлығын (2001), Халықаралық М.Шолохов атындағы сыйлықты алған. Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
1Батыс Қазақстан облысында 13 жастағы жасөспірім жоғалып кетті141522026 жылы зейнетақы мен жәрдемақы 10%-ға өседі: Кім қанша алатыны белгілі болды92232026 жылы мұғалімдердің жалақысы өсе ме? – Нақты жауап айтылды7214Мұғалімдердің іссапар шығынын кім төлейді?6985Қазақстанда Жаңа жыл алдында ауа райы күрт өзгереді608
-
12026 жылдан бастап ажырасу, паспорт пен жүргізуші куәлігін жасату қымбаттайды655112Қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қайда кетеді3028232026 жылы бала туған аналарға қанша теңгеден төленеді?258304Жалдамалы пәтерде тұрып жатқандар үйлерін босатады – әкім жауап берді200355Қазақстанда зейнетақы қалай есептеледі және кімге көбірек төленеді?19182