
Қазіргі қызметі: Жамбыл облысың прокуроры
-
Туған жылы: 1 қаңтар 1967 жыл
-
Туған жері: Қарағанды облысында дүниеге келген.
-
Білімі: Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтағаннан кейін, Қарағанды қаласының Совет ауданында тергеуші қызметінен бастаған. Одан кейінгі жылдары Қарағанды облысының прокуратурасында тергеу басқармасының бөлім прокуроры, Теміртау қаласы прокурорының орынбасары, Қарағанды қаласы прокуратурасының жедел іздестіру, тергеу және алдын ала анықтау қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы, Шет ауданының прокуроры, Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.
2002 жылы жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау Департаменті Басқармасының бастығы лауазымды қызметіне тағайындалуына байланысты Бас прокуратураның орталық аппаратына жұмысқа ауыстырылған.
Бұдан кейінгі жылдарда Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары, Бас прокуратураның тергеу және алдын ала анықтау заңдылығын қадағалау Департаментінің бастығы, Алматы қаласының және Шығыс-Қазақстан аймақтық көлік прокурорының бірінші орынбасары, Бас прокуратураның мамандандырылған прокурорлар, ұсталған, қамауға алынған және жазасын өтеп жатқан тұлғалардың құқықтарының сақталу заңдылығын қадағалау Департаменттерінің бастығы, Ақтөбе облысының прокуроры және Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры қызметтерінде болған.
2018 жылдың 09 тамызынан Түркістан облысының прокуроры
2020 жылдың ақпанынан Жамбыл облысының прокуроры.
«Ерен еңбегі үшін » медалімен марапатталған.
Сыныптық шені: 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі. Прокуратураның Құрметті қызметкері болып табылады.


-
.
-
1Енді мұғалімдерді жұмысқа директорлар қабылдамайды100482Кибербуллинг. Кінәлілерді анықтау қарастырылмаған70113Қырғыз Президенті Тоқаевқа Жұбан Молдағалиевтің өлеңін оқып берді62724Енді шалғай ауылдарға жылжымалы дәріхана пункттері баратын болады55965Депутат заңды зерделемей, желіде даурықпа әңгіме тарататындар туралы айтты.5558