Анықтама

Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы

3267

Қазіргі лауазымы: 


Әлеуметтік желілерде:

Туған жылы: 1965 жыл

Білімі: 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы", 

2003 жылы "Туран" университетін "заңгер" мамандықтары бойынша бітірген.


Еңбек жолын 1987 жылы Жамбыл облысындағы "Шығыс" колхозында құрылыс учаскесінің мастері болып бастаған.


1991-1998 жылдары Луговой аудандық атқару комитеті жанындағы сәулет-жоспарлау бюросының техник-құрылысшысы, "Алрай" шаруа қожалығының төрағасы, "Альтаир" ЖШС сәулет-құрылыс фирмасының атқарушы директоры; 


1998-2002 жылдары Алматы қалалық орталық лицензиялау, сәулет-қала құрылысы қызметінің сарапшысы, бас маманы, бөлім бастығы, директоры;


2002-2003 жылдары Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорының орынбасары; 


2003-2009 жылдары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы; 


2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде басқарма басшысы, департамент директоры – Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылыс инспекторы; 


2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары;


2014-2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы; 


2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары; 


2017-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.


2018 жылдың 23 сәуірінде Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды.


2019-2021 жылдың 1 наурызына дейін Талдықорған қаласының әкімі

Бөлісу: