Қазіргі лауазымы:
-
Туған жылы: 1965 жылы 13 мамырда туған.
-
Білімі: 1990 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, заңгер атанды.
-
1993 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ аспирантурасын бітірді.
-
1997 жылы Туран Университетін «Қаржы және кредит» мамандығын бітіріп, экономист атанды.
-
2001 жылы Ғылыми-зерттеу Мемлекет және құқық институтының Ресейлік ғылым академиясының докторантурасын «Экологиялық құқық, жер құқығы, табиғат қорғау құқығы» мамандығы бойынша бітірді.
-
1995 жылы Қазақстандағы жер даулары тақырыбына кірісіп, ізденіп, кандидаттық диссертацияны, ал 2001 жылы қорғады.
Профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, ҚР ҰҒА құрметті Академигі.
Шетелдік жоғары оқу орындарының құрметті профессоры, 6 монографияның, 30 оқу-тәжірибелік әдістемелердің және 100-ден астам мақаланың авторы.
Маусым 1990 жыл – наурыз 1992 жыл – заңгер кеңесші;
Наурыз 1992 жыл – шілде 1992 жыл – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік арбитражда экономикалық кеңесші;
Шілде 1992 жыл – сәуір 1993 жыл – Мемлекеттік арбитр;
Сәуір 1993 жыл – қараша 1995 жыл – Қазақстан Республикасының Жоғарғы арбитраж сотының судьясы;
Қараша 1995 жыл – сәуір 2002 жылы – Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының судьясы;
Маусым 2001 жылы – желтоқсан 2002 жыл – Қазақстан Республикасының Судьялар одағының төрағасы;
Қазан 2001 – желтоқсан 2002 жыл – Қазақстан Республикасының Жоғары соты Кеңесінің мүшесі;
Сәуір 2002 жылы – наурыз 2006 жылы – Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы;
Наурыз 2006 жылы – қараша 2006 жылы – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенат аппаратының басшысы;
Қараша 2006 жыл – наурыз 2007 жыл – Ақмола технологиялық және бизнес университетінің ректоры;
Наурыз 2007 жылы – қазан 2007 жылы – Қазақстан Республикасының Жоғары соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің төрағасы;
Қазан 2007 жылы – сәуір 2008 жылы – Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы;
Сәуір 2008 жылы – шілде 2011 жылы – Еуразия Ұлттық Университетінің ректоры;
Мамыр 2012 жылы – қазан 2013 жылы «Әскери стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ Президенті;
Қазан 2013 жыл – мамыр 2014 жыл – Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің орынбасары;
Мамыр 2014 жыл – наурыз 2016 жыл – Қазақстан Республикасының Әділет Министрінің орынбасары;
Наурыз 2016 жылы – қараша 2017 жыл – Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты;
Сәуір 2016 жылы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен, «Халықаралық құқық» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңесінің Төрағасы;
2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Төрағасы.
Келесі мемлекеттік марапаттар иегері:
Ордендер: «Құрмет» (2004), «Парасат» (2014)
Құрметті атақтар: «Құрметті судья», «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» (2007), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2008)
