Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлы
3746
Қазіргі лауазымы: Астана медицина университеті Директорлар кеңесінің төрағасы
Туған жылы: 1965 жылы 13 мамырда туған.
Білімі: 1990 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, заңгер атанды.
1993 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ аспирантурасын бітірді.
1997 жылы Туран Университетін «Қаржы және кредит» мамандығын бітіріп, экономист атанды.
2001 жылы Ғылыми-зерттеу Мемлекет және құқық институтының Ресейлік ғылым академиясының докторантурасын «Экологиялық құқық, жер құқығы, табиғат қорғау құқығы» мамандығы бойынша бітірді.
1995 жылы Қазақстандағы жер даулары тақырыбына кірісіп, ізденіп, кандидаттық диссертацияны, ал 2001 жылы қорғады.
Профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, ҚР ҰҒА құрметті Академигі.
Шетелдік жоғары оқу орындарының құрметті профессоры, 6 монографияның, 30 оқу-тәжірибелік әдістемелердің және 100-ден астам мақаланың авторы.
Маусым 1990 жыл – наурыз 1992 жыл – заңгер кеңесші;
Наурыз 1992 жыл – шілде 1992 жыл – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік арбитражда экономикалық кеңесші;
Шілде 1992 жыл – сәуір 1993 жыл – Мемлекеттік арбитр;
Сәуір 1993 жыл – қараша 1995 жыл – Қазақстан Республикасының Жоғарғы арбитраж сотының судьясы;
Қараша 1995 жыл – сәуір 2002 жылы – Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының судьясы;
Маусым 2001 жылы – желтоқсан 2002 жыл – Қазақстан Республикасының Судьялар одағының төрағасы;
Қазан 2001 – желтоқсан 2002 жыл – Қазақстан Республикасының Жоғары соты Кеңесінің мүшесі;
Сәуір 2002 жылы – наурыз 2006 жылы – Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы;
Наурыз 2006 жылы – қараша 2006 жылы – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенат аппаратының басшысы;
Қараша 2006 жыл – наурыз 2007 жыл – Ақмола технологиялық және бизнес университетінің ректоры;
Наурыз 2007 жылы – қазан 2007 жылы – Қазақстан Республикасының Жоғары соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің төрағасы;
Қазан 2007 жылы – сәуір 2008 жылы – Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы;
Сәуір 2008 жылы – шілде 2011 жылы – Еуразия Ұлттық Университетінің ректоры;
Мамыр 2012 жылы – қазан 2013 жылы «Әскери стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ Президенті;
Қазан 2013 жыл – мамыр 2014 жыл – Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің орынбасары;
Мамыр 2014 жыл – наурыз 2016 жыл – Қазақстан Республикасының Әділет Министрінің орынбасары;
Наурыз 2016 жылы – қараша 2017 жыл – Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты;
Сәуір 2016 жылы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен, «Халықаралық құқық» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңесінің Төрағасы;
2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Төрағасы.
2019 жылдан бері Астана медицина университеті Директорлар кеңесінің төрағасы
Келесі мемлекеттік марапаттар иегері:
Ордендер: «Құрмет» (2004), «Парасат» (2014)
Құрметті атақтар: «Құрметті судья», «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» (2007), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2008)
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
Қазақстан-Түрікменстан: Каспий арқылы көлік және логистика бағыттары кеңейеді
Айбар ОЛЖАЕВ
Қаржы саласының маманы
«АҚШ-тың Қазақстанға салған баж салығы ел экономикасына әсер ептейді...»
Нұрсұлтан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Қаржы сарапшысы
«Миграция және рубль: Экономиканы тіреп тұрған сыртқы табыс»
Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ
Саясаттанушы
«5-ші, 6-шы, 2-ші РЕСПУБЛИКА ұғымдары туралы» -
12026 жылдан бастап ажырасу, паспорт пен жүргізуші куәлігін жасату қымбаттайды643282Қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қайда кетеді2958532026 жылы бала туған аналарға қанша теңгеден төленеді?2421342026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?181105Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік төлемдер берілетіні белгілі болды17200