Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы
3967Қазіргі лауазымы: ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылық істері жөніндегі жоғарғы комиссары
Әлеуметтік желілерде:
Туған жылы: 21.04.1964 жыл
Білімі: 1987 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған, тарихшы
1987-1991 жылдары — В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты Саяси тарих кафедрасының оқытушысы;
1991-1993 жылдары — Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты;
1993-1997 жылдары — ҚР СІМ Азия елдеру басқармасының үшінші, екінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, Азия елдеру басқармасының бастығы;
1997 жылы – ҚР СІМ Азия елдері департаменті директорының орынбасары;
1997-1998 жылдары — ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы – 4-ші департамент директорының орынбасары;
1998-1999 жылдары — ҚР СІМ 3-ші департаментінің директоры;
1999 жылы — ҚР СІМ Екіжақты қатынастар департаментінің директоры;
1999-2001 жылдары — ҚР Сыртқы істер вице-министрі;
2001-2003 жылдары — Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі;
2003-2006 жылдары — Қазақстан Республикасының Израильдегі төтенше және өкілетті елшісі;
2006-2007 жылдары — ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары,
2007-2008 жылдары — Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі;
2008-2011 жылдары — Қазақстан Республикасының Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы жанындағы тұрақты өкілі;
2011 жылы — Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі;
2013-2016 жылдары — Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі;
2016 жылдың 28 желтоқсанында ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
2018 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысының жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Сыртқы істер министрі лауазымынан босатылды.
2019 жылдың наурыз айында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі және Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды
2020 жылдың 4 желтоқсанынан - ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылық істері жөніндегі жоғарғы комиссары
-
-
1Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге ескерту жариялады205282Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді200373Некесін қиған күні қайтыс болған жігіт ісі: Ахметжанов тың дерек айтты13807410 жылдан кейін планета жоқ болуы мүмкін - Мэлс Елеусізов130995Алматыдағы үйлердің бірінен қарт ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды12055