Анықтама

Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы

2670

Қазіргі лауазымы: 


Әлеуметтік желіде:

Туған жылы: 1975 жыл

Туған жері: Алматы қаласы

Білімі: 1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Индиана Университетін

1999 жылы Дж.Кеннеди атындағы Гарвард университеті Жоғары мемлекеттік басқару мектебін бітірген

Ағылшын (еркін), араб, неміс (сөздік арқылы) тілдерін меңгерген


  1999-2000 жылдары – «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясы стратегиялық жоспарлау департаментінің бас аналитигі, стратегиялық жоспарлау және сыртқы экономикалық байланыстар департаментінің бас менеджері.


2000 жылғы мамыр мен желтоқсан аралығында – Қазақстан Республикасы Қорғаныс минстрлігі экономика және қаржы департаменті анализ бөлімінің және қорғаныс ресурстарын басқару басқармасының бастығы.


2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас Штабының жаңа технологиялар мен мақсатты бағдарламалар департаментінің бастығы, автоматтандыру және геоақпараттандыру жүйесі басқармасының бастығы.


2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жүйелі зерттеулер орталығының жетекшісі.


2004-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі экономикалық саясат басқармасы жүйелі зерттеулер орталығының жетекшісі.


2005-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі.


2007-2012 жылдары – «Самғау» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ басқарма бастығы.


2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі.


2014-2015 жылдары – ҚР Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі.


2015 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

2022 жылы 8 қаңтарда Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы қызметінен босатылды


2 медальмен марапатталған.

Бөлісу: