Анықтама

Әбдікешов Алмат Жанболатұлы

1481

Қазіргі лауазымы: ҚР ЭГТРМ аппаратының басшысы


Туған жылы: 1984 жыл

Білімі: 2006 жылы тау-кен инженері мамандығы бойынша О.А. Байқоңыр атындағы Жезқазған университетін,

2008 жылы экономика мамандығы бойынша Еуразиялық гуманитарлық институтын бітірген.


Еңбек жолында 2004 жылы жұмысшыдан бастап Комитет төрағасының орынбасары лауазымына дейін өсті.


2004-2005 жылдар аралығында Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс корпорациясы Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинаты» акционерлік қоғамында Анненский кенішінің бірінші санатының жерасты оқушысы, кейін екінші санатты жерасты сазшысы болып жұмыс істеді.


2007 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық даму комитетінде және бірқатар Департаменттерінде бас маман, жетекші маман және сарапшы қызметтерін атқарды.


2010 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Хатшылығының сарапшысы, кейін бас сарапшысы болып, 2012 жылы осы Министрліктің Активтерді басқару департаментінің даму институттарымен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы ретінде тағайындалды.


2012 жылдың қазанынан бастап 2013 жылдың ақпан айына дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің кеңесшісі, 


2013 жылғы наурыздан бастап 2014 жылғы қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры, 


2014 жылдан бастап 2016 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры, 


2016 жылдың сәуірінен 2018 жылдың наурызына дейін Адами ресурстармен жұмыс департаментінің директоры болып қызмет атқарады.


2018 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.


2019 ж. ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасының орынбасары

2022 жылы сәуірден бастап ҚР ЭГТРМ аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды

Бөлісу: