Анықтама

Әбденов Серік Сақбалдыұлы

3549


Қазіргі лауазымы:


Туған жылы: 1977 жыл 15 қаңтар.

Білімі: 1998 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын құқықтану мамандығы бойынша бітіріп шықты.

2004 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін экономика мамандығы бойынша бітіріп шықты.


2013 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы академиясын, Жоғары кәсіби білім берудің федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесін (МВА) бітірді.


1998-2000 ж.ж.- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасы, бас маман, бөлім бастығы;


2000-2003 ж.ж.- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі заңдық сараптама бөлімінің бастығы, бақылау және құжат айналымы басқармасының бастығы, аппарат басшысының орынбасары;


2003-2004 ж.ж.- «Billing «Global Systems» ЖШС директорының орынбасары, «УПТК-ЦС» ЖШС директорының консультант-кеңесшісі;


2004-2007 ж.ж.- Қазақстан Республикасының ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту және еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау департаменті, Департамент директорының орынбасары, Департамент директоры;


2007-2009 ж.ж. - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі;


2009-2012 ж.ж.- Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Бірінші орынбасары;


2012-2013 ж.ж.- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің министрі


2013-2018 ж.ж. - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Адами ресурстарды басқару және еңбекақы төлеу жөніндегі басқарушы директор, Адами ресурстарды басқару жөніндегі вице-президент, «Oil Construction Company» ЖШС Бас директоры (қоса атқарған).


2018 жылғы қарашадан бастап – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары.


2019 жылғы 25 ақпаннан бастап осы уақыт бойынша – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың Басқарма Төрағасының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары


2021 жылғы 26 сәуірде «ҚТЖ» ҰК »АҚ басқарма төрағасының корпоративті мәселелер және кадрлар жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды

«Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» мерекелік медалі (2006ж.).

«Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі (2008ж.).

Парасат ордені (2009ж.).

ҚР ЕХӘҚМ Құрмет грамотасы (2012ж.).

Бөлісу: