Анықтама

Базылбеков Азамат Хызырұлы

1515

Қазіргі қызметі: 


Әлеуметтік желіде:
  • Әділет полковнигі
  • Туған жылы: 1971 жылы
  • Туған жері: РФ Орынбор облысы

Еңбек жолын 1993 жылы Қостанай облыстық ІІБ УК-161/2 мекемесінде инженер-конструктор болып бастады.


1993 жылдан 1999 жылға дейін Қостанай облыстық ІІБ түзеу колонияларында әр түрлі лауазымдарда (цех шебері, жылу техникалық өндірістің басшысы, бас механик) қызмет атқарды.


1999 жыл мен 2002 жылдар аралығында Қостанай облыстық ІІБ-ға қарасты ҚАЖ басқармасының өндірістік-техникалық бөлімнің бас маманы, кәсіпорын басшысының орынбасары, сондай-ақ өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы, кейіннен ҚР ІІМ Еңбек РМК Қостанай «Еңбек» ЕЕК Маркетинг бөлімінің басшысы лауазымдарынд қызмет атқарды.


2002 жыл мен 2006 жылдар аралығында Қостанай облысы бойынша ҚАЖК сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру және жоспарлау бөлімінің маманы, кейіннен сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарды.


2006 жыл мен 2010 жылдар аралығында Қостанай облысы бойынша ҚАЖК УК-161/2 мекемесінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру және жалпы мәселелер бойынша басшының орынбасары, кейіннен Қостанай облысы бойынша ҚАЖКД басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.


2010 жыл мен 2013 жылдар аралығында Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшысы қызметтерінде болды.


2013 жылдың сәуір айында ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.


2016 жылғы қарашадан ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің төрағасы болып тағайындалды

2019 жылы ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің төрағасы қызметінен кетті

Бөлісу: