Анықтама

Байменов Әлихан Мұхамедияұлы

3831

Қазіргі қызметі: Астана Мемлекеттік Қызмет Хабы басқарушы комитет төрағасы


Туған жылы: 25.03.1959

Туған жері: Қарсақбай ауылы, Жезді ауданы, Жезқазған облысы

Білімі: 1981 жылы Қарағанды политехникалық институты, инженер – механик мамандығы бойынша тәмамдаған.

1988 жылы Мәскеу автожол институтының аспирантурасын тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты.


1981-1992 – Ғылыми және педагогикалық жұмысы.

1992-1994 – Жезқазған облысы әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған. Білім, ғылым, және мәдениет қорының құрылуына бастамашылық жасады. Бұл кезенде Қор қаражаты есебінен «АСУ» (Адам. Сана. Уақыт) деген бірінші тәуелсіз облыстық газеті шығарылды. Жас ғалымдарға жаңа ғылыми зерттеулерге ынталандыру мақсатында арнайы стипендиялар тағайындалды.

1995-1996 – Қазақстан Республикасы Еңбек Министрінің орынбасары, содан кейін Бірінші орынбасары.

1996-1997 – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру - бақылау бөлімінің меңгерушісі.

1997-1998 – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы.

1998-1999 – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.

1998-2000 – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы. Осы жылдары алғаш рет мемлекеттік қызметке міндетті түрде конкурс арқылы іріктеу жүйесі енгізілді. Мемлекеттік қызметшілер саяси және әкімшілік болып бөлінді. 1999 жылғы «Мемлекеттік қызмет туралы» заң қабылданған соң, аймақ елдері Қазақстанның тәжірибесін негізге ала отырып, ұқсас заңдар қабылдады, арнайы мемлекеттік органдар құрды.

1997-2001 – Қазақстан Президенті жанындағы азаматтық мәселелер жөніндегі Комиссия төрағасы.

2000-2001 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.ТМД елдері арасында тұңғыш рет Әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі моделінің тұжырымдамасы және әлеуметтік сақтандыруды енгізу моделі жасалды. Сондай-ақ жұмысшыларға келтірілген зиян үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін сақтандыру қажеттілігі дәлелденді.

2011 - 2014 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. Мемлекеттік қызмет реформасының екінші кезеңіне өткізілуіне жетекшілік етті. Нәтижесінде саяси мемлекеттік қызметшілердің саны сегіз есеге қысқарды. Бұл кезеңде мемлекеттік қызметті кәсібилендіруге назар салынып, «А» басқарушы корпусы құрылды.

2014 жылдың қыркүйегінен бастап - Астана мемлекеттік қызмет Хабы (ACSH) басқарушы комитетінің төрағасы. Астана мемлекеттік қызмет Хабы 2013 жылы мемлекеттік қызмет саласында үздіксіз тәжірибе мен білім алмасудың институционалды негізі ретінде 25 ел және 5 халықаралық ұйымның қатысуымен құрылған. Қазіргі таңда Хабқа ЭЫДҰ, ТМД, Орталық Азия мен ASEAN елдерін қоса алғанда 39 ел катысады.

Әлеуметтік-саяси қызметі

1989-1990 — Облыстағы алғашқы қоғамдық ұйым - «Ұлытау» қозғалысын құрады, «Невада-Семей» ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыстың Жезқазған облыстық бөлімшесін басқарады. Ұйым аймақтағы экологиялық, әлеуметтік, мәдени, қоғамдық мәселелерді көтереді.

1990-1993 – Жезқазған облыстық халық депутаттары Кенесінің депутаты.

1993-1994 – Жезқазған облыстық «Қазақстанның халықтық бірлігі одағы» ұйымының басшысы.

1994-1995 – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

1995-2000 – Қазақстан Халықтары Ассамблеясы төраға орынбасары..

1997-2001 – Қазақстан Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі Комиссия мүшесі.

2001 жылдың қарашасынан бастап – «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігінің тең құрылтайшысы, саяси кеңесінің мүшесі.

2002 жылдың наурызынан бастап – Ақ жол демократиялық партиясы құрылтайшыларының бірі, тең төрағасы. Партиялық тізім бойынша «Ақ жол» 30 пайызға жуық дауыс жинады, бірақ ресми түрде партияға 12 пайыз дауыс есептелді. Биліктің сайлау нәтижелерін бұрмалаушылығына қарсылық ретінде депутаттық мандаттан бас тартты.

2005 - 2011 – Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясының төрағасы.

2005 жылдың қыркүйегі – Қазақстан Президенттігіне үміткер.

2006 – Демократиялық реформалар бағдарламасын әзiрлеу мен нақтылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның мүшесі.

2006 - 2007 – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2015 – «Менеджментті Дамыту Қазақстандық Қоры» Қоғамдық қоры Қамқоршылық Кеңесінің тең төрағасы.

«Зерде» Қоғамдық қорының (2002 жылдан бастап), Тоғызқұмалақ бойынша республикалық федерацияның президенті (2005 жылдан бастап), дүниежүзілік федерациясының ұйымдастырушысы және алғашқы президенті (2008 жылдан бастап), «Темірқазық» пікірсайыс клубының негізін қалаушысы әрі жүргізушісі (2003-2012). 31 телеарнадан қоғамның, мемлекеттің, елдің дамуы мәселелері қазақ тілінде талқыланған «Темірқазық» авторлық бағдарламасының (2003-2004) жүргізушісі. Тоғызқұмалақ ұлттық ойынын әлемдік деңгейде кеңінен насихаттауға үлес қосуда. Тоғызқұмалақтан үш мәрте әлемдік чемпионат өткізілді.

«Зерде» қорының негізгі мақсаты – қоғамдық-ағарту жұмысы болды. Ғасырлар бойғы ізденістер арқасында адамзаттың алдыңғы қатарлы елдерінде қалыптасқан рухани құндылықтарды қазақ тілінде жеткізу үшін «Зерде кітапханасы» ауқымында алғаш рет Карл Поппер, Шарль Монтескье, Жан-Жак Руссо, Джон Локк сияқты ойшылардың еңбектері қазақ тіліне аударылды. Қор жұмысы аясында қазақтың саяси тарихына, қуғын-сүргін кезеңіне қатысты зерттеулер жасалып, кітаптар жарыққа шықты. «Зерде» қоры бастамасымен Мұстафа Шоқай шығарған «Яш Түркістан» журналының жеке мұрағаттарда сақталған түп нұсқалары Ұлыбританиядан Қазақстанға әкелінді. Құнды тарихи құжаттар Ұлттық мұрағатқа, Ұлттық кітапханаға, Мұстафа Шоқайдың ауылындағы мектепке тапсырылды.

Еңбектері

«Государственная служба в Республики Казахстан» (2000),

«Государственная служба. Международный опыт. Казахстанская модель» (2000),

«Вместе во имя настоящего и будущего Казахстана» (2003, авторлардың бірі),

«Ак жол, Казахстан!» (2003, авторлардың бірі),

«Темірқазық» (2004),

«Конституционная реформа: назревшая необходимость» (2005),

«Перемены без потрясений» (2005).

«Bureaucracy and Cooperation» (2018) [2]

Әлеуметтік қорғау, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, менеджмент, саяси және партиялық құрылыс мәселелері бойынша көптеген мақалалардың авторы.

Марапаттар: 

«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі[3]

«Парасат» ордені (14 желтоқсан 2013)

Бөлісу: