Соңғы лауазымы: Сыртқы істер министрінің орынбасары
-
Туған жылы: 1974 жылғы 6 қыркүйек
-
Туған жері: Алматы облысы
-
Білімі: Польшадағы Краков Экономикалық Университеті,
-
Ұлыбританияның Хертфордшир Университеті,
-
Канаданың Ванкувер Университетін бітірген.
-
II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.
-
Поляк, неміс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Өз еңбек жолын "Daewoo Electronics" компаниясындағы маркетинг және коммерция мәселелері жөніндегі менеджер ретінде бастаған.
1997 жылы Польшада "River System Ltd." компаниясының экспорт бөлімінің маманы, кеңесшісі, аймақтық директоры (Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері) ретінде жұмыс істеді.
Дипломатиялық мансабын 1999 жылдан бастап, Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші хатшысы болып жұмыс істеді. Әрі қарай Қазақстанның Польшадағы елшілігінде атташе-консул, үшінші және екінші хатшы қызметтерін атқарды.
2005 жылдан 2007 жылға дейін СІМ-де ТМД істері департаментінің халықаралық ұйымдар бөлімінің, Әскери-саяси ынтымақтастық бөлімінің кеңесшісі, басшысы болды.
2007 жылдан 2013 жылға дейін Польшадағы Қазақстан елшілігіне кеңесші және кеңесші-уәкіл ретінде қайта жіберілді.
2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және болжау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалады.
Қазақстанның Польшадағы елшісі
2019 жылдың желтоқсанынан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды
2021 жылдың 19 сәуірінде Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

-
1Түркияда өтетін IV ДКО-ға дайындық басталып кетті – Рахат Жақсыбай5642Қызылордалық агроном жылына 20 тонна қозықұйрық өсіреді5493Қызылордалықтың көлігінен граната мен марихуана тәркіленді5124ШҚО-да сапасыз жолдар үшін 11 басшы жауапқа тартылды4815Референдум: ҮЕҰ өкілдері азаматтық қоғам рөлінің нығаюы туралы айтты462
-
1Аймағамбетов қаржылық дербестік туралы: Білім басқармалары мектептерге бостандықты бергісі келмейді73152Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды65683Теңге спектаклі. Ұлттық валютаның күрт өсуіне не себеп болды?54574Сәуірден бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлем көбейеді45325БҒМ қанша директор ротациядан өткенін мәлімдеді4229
