Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары
-
Туған жылы: 1967 жылы 23 мамырда дүниеге келген.
-
Білімі: 1994 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (инженер-механик),
-
1998 жылы ҚР ҰҚК (ІІМ) Қарағанды жоғары мектебін (заңгер-құқықтанушы),
-
2015 жылы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын (мемлекеттік басқару магистрі) үздік бітірген.
1994-2009 жылдары – ішкі істер органдарының кіші, орта және аға басшылығы құрамдарында қызмет еткен, оның ішінде: ІІМ Штаб-Департаменті бастығының орынбасары, Ішкі істер министрінің кеңесшісі, ІІМ Кадр жұмысы департаментінің бастығы лауазымдарын атқарған.
2009 жылы – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі (Бас прокуратура Департаментінің бастығы есебінде).
2009-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2013-2019 жылғы сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің меңгерушісі.
2019 жылғы 10 сәуірде Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
Арнаулы атақтары: полиция полковнигі, аға әділет кеңесшісі.

-
-
1Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері110792Аймағамбетов қаржылық дербестік туралы: Білім басқармалары мектептерге бостандықты бергісі келмейді75273Отан үшін от кешкендерге арналған мемориалдық тақта ашылды67634Теңге спектаклі. Ұлттық валютаның күрт өсуіне не себеп болды?56465БҒМ қанша директор ротациядан өткенін мәлімдеді4939