Анықтама

Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы

4323

Қазіргі лауазымы: 


Әлеуметтік желілерде: https://twitter.com/BauyrzhanBaibek

Туған жылы: 19.03.1974 жыл  

Туған жері: Алматы қаласы

Білімі: «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 3 жоғары білімі бар: педагогикалық, сыртқы экономикалық және музыкалық.


Қазақстан Республикасының Бас консулдығында және Қазақстан Республикасының Германия Федеративті Республикасы Елшілігінде дипломатиялық қызметте болды.


2002 жылдардан бастап Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде бірқатар қызметтерді атқарды. 


2006 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының Бастығы. 


2009 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 


2013 жылдың қаңтарынан – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары. 


2015-2019 жылдары  – Алматы қаласының әкімі


2019-2022 жылдары «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары. 


І сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар. Саяси ғылымдарының кандидаты. 


2013 жылдан «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі. Неміс және ағылшын тілдерін меңгерген.


«Құрмет» және «Парасат» ордендері, мерейтойлық медальдармен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталған.


Қазақ тілінің дамуына қосқан үлесі үшін «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен, ұлттық спорт түрлерінің дамуына қосқан үлесі үшін «Елімжан» төсбелгісімен марапатталған. «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының» құрметті профессоры.


«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколы» кітабы мен саясаттану ғылымының түрлі мәселелеріне арналған бірқатар мақалалардың авторы. «Президенттің бір жылы» кітабының екі басылымының құрастырушысы.


2008 жылдан 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастық Кеңесінің төрағасы.


2015 жылдың 6 наурызынан бастап – «Болашақ» Қауымдастығының Құрметті мүшесі, Кеңестің тұрақты мүшесі.


«Болашақ» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

Бөлісу: