Анықтама

Батыршаев Бақыт Данабекұлы

1425


Қазіргі лауазымы: ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы


Туған жылы: 1973 жылы дүниеге келген.

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі.


1995 жылдан бастап Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде жұмыс атқаруда.


Түрлі кезеңдерде Қазақстан Сыртқы саяси ведомствосының орталық аппаратында және оның шет елдердегі мекемелерінде, соның ішінде Қазақстанның Мысырдағы және Сауд Арабиясындағы елшіліктерінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.


Сондай-ақ ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры, Джидда қаласындағы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі болды.


Тағайындалғанға дейін 2013 жылдан бастап Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі және Бахрейн Корольдігіндегі қоса атқарушы Елшісі - ИЫҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты Өкілі қызметін атқарды.

2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің инвестициялар комитетінің төрағасы


«Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астана 20 жыл» мерейтойлық медальдармен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.


II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі бар.

Бөлісу: